Тарих «ақтаңтақтары»

А.ж. 26-27 мамыр аралығында «Қоғамдық келісім» КММ Ш. Уәлиханов атындағы КМУ және Біржан сал атындағы музыкалық колледж студенттері, Әл-Фараби атындағы IT лицей оқушылары үшін «АЛЖИР» мұражайы бойынша виртуалды экскурсия ұйымдастырды.

Экскурсияға қатысушылар онлайн-форматта «АЛЖИРдің» ескерткіш объектілерін – «Сталиндік вагондарды»,  «Қайғы қақпасы» монументін, мүсіндер және лагерьдің толық тарихын ашатын мұражайдың басқа да залдарын, сондай-ақ адам санасын сол уақыттың тұрмысы мен өзіндік атмосферасына енгізетін лагерлік барақтарды   көре алды.

Экскурсия барысында тыңдаушылар алдында «Вайнах» шешен-ингуш қоғамының төрағасы Г. И. Яндиев, облыстық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Ғ. Т. Төлеғұл және М. Жұмабаев атындағы облыстық кітапхананың бөлім меңгерушісі Б. А. Ерманова сөз сөйлеп, халықтар депортациясының тарихы, Сталиндік режимнің құрбаны болған «Алашорда» ұлт-азаттық қозғалысы көшбасшыларының қайғылы тағдырлары туралы әңгімеледі.