«Тәуелсіз ел – Қазақстан» атты кеш

Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекет болды. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ, қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді.
Бүгін Достық үйінде «Бари» армян этномәдени орталығының ұйымдастыруымен, «Ел бірліг»і жобасы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз ел – Қазақстан» атты кеш ұйымдастырылды.
Кеш барысында армян этнос өкілдері мемлекеттік, армян, орыс тілдерінде өлеңдер оқып, ән шырқады. Борисовский Роман домбырада қазақ күйлерінен поппури ойнап, «Лезгинка» биі, «Достық үйі» жанындағы үйірменің жас бишілері «Қара жорға» биін биледі.
Желтоқсан каһарманы Қайрат Рысқұлбеков туралы қойылым залда отырған көрермендерді бейжәй қалдырмады. Басынан аяғына дейін армян балалары қойылымды қазақ тілінде ұсынды.
Біздің мемлекет өте жас болып саналады және оның біз сияқты ең жақсы күндері алда. Болашақта өміріміздің қандай болатыны, туған Қазақстанымыздың қандай болатыны өзімізге байланысты! Біз достық пен татулықты қастерлеуіміз керек.
Бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқанымыз үлкен бақыт! – деген ұранмен жүргізушілер әсерлі кешті аяқтады.