ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығының сектор меңгерушісі Достық үйіне іс-сапармен келді

Бүгін Достық үйінде ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Қайрат Баймульдинов Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы және «Қоғамдық келісім» КММ-і қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу алдында Қайрат Дүйсембайұлы ғимарат ішіндегі Ақмола ассамблеясының этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдар кабинеттерін аралап көрді.
Диалог форматында өткен мәжіліс барысында Қ.Баймульдинов Ассамблея хатшылығының жалпыұлттық бірлік пен этносаралық қатынастарды нығайтуға бағытталған жұмыстары жайында айтып, қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.