ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының қорытынды отырысы өткізілді

Ағымдағы жылдың 22 желтоқсанында Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мен дамытуға арналған «Мен Қазақстандықпын!», және қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған үздік ғылыми жобалар байқауы және 2023 жылғы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының қорытынды отырысы өткізілді.

Отырыс барысында ҒСТ құрамына енгізу үшін кандидатура қарастырылып, бірауыздан шешім қабылданды, жұмыс қорытындылары талқыланды.Сонымен қатар, ҒСТ -тың 2024 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.