Этномәдени бірлестік туралы мәлімет

Атауы: «Ақмола облысының орыс қауымы» қоғамдық бірлестігі.

Тарихи анықтама: Қоғамдық бірлестік 2013 жылдың 11 қыркүйегінде құрылды.

Төрағасы: Артеменко Александр Александрович. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі.

Практикалық жұмыстың негізгі бағыттары: «Ақмола облысының орыс қауымы» ҚБ қызметінің негізгі бағыты қазақстандық патриотизмді, ұлтаралық келісім мен толеранттылықты қалыптастыруға, аймақтағы дәстүрлерді, мәдениетті, тіл мен бірлікті дамытуға, нығайтуға және сақтауға бағытталған.

Ресурстық базасы: «Қоғамдық келісім» КММ кабинеті, орыс тілін үйренуге арналған сынып, «Ақмола облысының орыс қауымы» ҚБ жастар қанаты, «Русская песня» халықтық ансамблі.

Негізгі жобалары: «Менің  Қазақстаным»  вокалдық байқауы, «Крещение», «Масленица», «Славян жазбасы және мәдениеті күні», «Отбасы күні», «Кикбоксингтен чемпионаттар».

Жетістіктері: Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2 құрмет грамоталарымен, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалімен, марапатталған.

Байланыс ақпараты:8-701-333-15-32, russkayaobshchina@mail.ru, Көкшетау қ., Абай к-сі  124-үй.


 

Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.