Пушкинді оқимыз

«Ақмола облысының орыс қауымы» ҚБ орыс халқының Ұлы ақыны Александр Пушкиннің туған күніне орай «Читаем Пушкина» атты орайластырылған балалар сайысын өткізді. Сайысқа Ақмола облысының 40-тан аса оқушылары қатысып, әділ- қазылар алқасына А.С. Пушкиннің шығармаларынан үзінділерді бейнежазылым арқылы назарларына ұсынды.

Әділ-қазылар алқасы сайысты жас ерекшелігін ескере отырып, үш деңгей бойынша бағалады, ал көрермен көзайымы атағын- ең көп лүпіл, комментарий алған қатысушыға тиесілі болды.

Ұлы ақынның туған күніне орай, 4 – маусым күні Облыстық Достық Үйі алаңында  сайыс қатысушыларын мадақтау салтанаты өтті. Жеңімпаздар мен көрермен көзайымдары ұйымдастырушылардан ақшалай сертификат алып, қалған қатысушыларға жігерлендіретін – тәтті сыйлықтар, орыс суретшілері туралы көркем альбом – кітаптар  мен кеңсе тауарлары табысталды.