Ақмолалықтар «Бір ел» жастар жобасында

2023 жылғы 30 қазан мен 1 қараша аралығында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Түркістан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихи-ағартушылық «Бір ел» жастар жобасы өтуде.
Аталған жиынға біздің өңірдің де «Ассамблея жастары» мүшелері қатысуда.
Жоба аясында арнайы шақырылған танымал тұлғалар мен сарапшылар жастарға еліміздің рухани және ұлттық құндылықтарын, бай тарихи және мәдени мұрасын, этносаралық татулықты сақтаудың маңыздылығын түсіндіретін дәріс өткізуде.
Іс-шараға ҚР Парламенті депутаттары, ҚР Мәдениет және ақпарат министрілігінің, этномәдени бірлестіктердің, «Ассамблея жастары» РҚБ республикалық жастар ұйымдарының өкілдері, мәдениет қайраткерлері, блогерлер, еріктілер, шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын әр түрлі санаттағы жастар қатысып жатыр.