Жаңажылдық акция

Қаламыздағы «Шафран» дәмханасы өз есігін ерекше балаларға және олардың ата-аналарына айкара ашты.
Келген қонақтарды әуезді әуенмен шырша қасында Аяз ата құшақ жая қарсы алып, сыйлықтарын таратты. Ұйымдастырушылар, ішкі саясат басқармасы және «Қоғамдық келісім» мекемесінің өкілдері балаларға өздерінің жүрекжарды тілектерін арнады. Жайылған дастарханда түрлі тәтті де дәмді тағамдар қонақтар алдына тартылды.
Балалардың қуанышты көңіл-күйлері жайнаған жүздерінен байқалып тұрды. Ата-аналардың көңілдері ерекше толқып, алғыстарын жаудыртып жатты.
Осы қайырымдылық іс-шараны облысымыздағы өзбек этномәдени орталығының жетекшісі Тажбуви Медетова және осы бірлестік жастарының көшбасшысы Индира Нуралиева ұйымдастырды.