Жаңа жылдық концерт

Ағымдағы жылдың 26 желтоқсанында «Қоғамдық келісім» КММ-де «Жаңа жылдық серпентин» атты мерекелік концерт өтті. Ақмола филиалының «Қазақстанның Орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» шығармашылық ұжымы көрермендерге өздерінің жарқын концерттік бағдарламасын сыйлады.

Олардың орындауында жаңа жылдық әзілдер мен қыс, Жаңа жыл туралы сүйікті әндері шырқалды. Ал ризашылық білдірген көрермендер әртістердің әр қойылымын сүйемелдеп, көшемет білдірді. Іс-шара әртістер мен қонақтарға керемет әсер беріп, сергектік пен керемет көңіл-күй сыйлады!