Облыстық ассамблея активімен кездесу

А. ж. 29 желтоқсанында «Қоғамдық келісім» КММ-де Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Е. Мысырəлімова  Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының белсенділерімен, этномәдени бірлестіктердің жетекшілерімен кездесті.

Кездесу жылы, сенімді жағдайда өтті. Айна Ермекқызы қатысушыларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, ҚХАА белсенділеріне Қазақстан халқы Ассамблеясының және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің марапаттарын табыс етті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Қ. К. Тоқаевтың Құрмет грамотасымен «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» Ақмола филиалының төрағасы Г. в. Осиненко және «Санги Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығының төрағасы У. Ф. Шонозаров марапатталды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының Алғыс хатын ҚХАА жанындағы Кәсіпкерлер қауымдастығының мүшесі Кононец Е. С. және «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» Ақмола филиалы төрағасының орынбасары Кулыгина Т. А. алды.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Алғыс хатымен «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы Мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту орталығының мүшесі Малькова-Солопова Алена марапатталды.