Сарбаздармен кездесу
Алғыс айту күні қарсаңында Ақмола ассамблеясының «Вайнах» шешен-ингуш бірлестігінің төрағасы Г.Яндиев, Аналар кеңесінің төрайымы А.Жахина және «Ассамблея жастары» облыстық өкілдігінің төрайымы А.Әнуарбекова 5510 әскери бөлімшесінің сарбаздарымен кездесу өткізді.
Шара барысында кездесуге қатысқан ассамблея мүшелері отансүйгіштік, еліне адал қызмет атқару қасиеттердің құндылығы туралы айтып, өздерінің жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуда атқарып жатқан жұмыстары жайлы бөлісті.