Ауыл аналарымен кездесу

8 қарашада Көкшетау қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы қатысуымен Шанаи Назипа Ыдырысқызы қатысуымен «Ауылдағы аналар кеңестерінің жұмыс тиімділігін арттыру» тақырыбындағы семинар өтті.
Отырыс барысында бүгінгі күні қоғамымызда жас ұрпақты тәрбиелеудегі келелі мәселелер, атап айтқанда буллинг, вейп, нашақорлық туралы әнгіме өрбіді. Сонымен қатар ауылды жерлердегі көпбалалы және толық емес отбасылардың алдында бала тәрбиесінде кездесетін кедергілерді шешу жолдары айтылды.
Семинарға Ақмола облысы аудандық және қалалық аналар кеңесінің төрайымдары қатысты.