ҒСТ отырысы

А.ж. 10 қыркүйекте «Қоғамдық келісім» КММ-де Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптама тобының отырысы өтті. Отырыс жұмысына Достық үйінің басшысы Е. Б. Нұғыманов қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. Осы мәселе бойынша А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ғылыми-сараптама тобының төрағасы, тарих ғылымдарының кандидаты А. К. Капышев баяндама жасады.

ҒТС мүшелері Жолдауда Мемлекет басшысының мемлекеттік тілді қолдану, оның білім, ғылым, мәдениет, ел азаматтарының қарым-қатынасында қолданылу аясын кеңейту туралы айтқанын атап өтті. Этностар арасында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту қазақстандық бірегейлікті қалыптастыруға және нығайтуға қызмет етеді.

Сондай – ақ, қатысушылар интеркультурализимді дамыту тұжырымдамасын-өз елі үшін ортақ азаматтық жауапкершілікпен біріктірілген әртүрлі ұлттар мен діндер азаматтарының ортақ мүдделерін қалыптастыруды талқылады. Осы мәселе бойынша Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау универститетінің тарих ғылымдарының кандидаты, ҒТС мүшесі Марат Зеннатұлы сөз сөйледі.

Күн тәртібін талқылау барысында ғалымдар Президент Жолдауын іске асыру, студент жастар арасында ақпараттық – түсіндіру дәрістері циклін өткізу туралы жан-жақты әңгімелесті.