Аналар кеңесінің отырысы

А. ж.  29 маусымында Ақмола облысының Аналар кеңесі мүшелерінің, ішкі саясат басқармасы мен «Қоғамдық келісім» КММ өкілдерінің қатысуымен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің отырысы өтті.

Кеңестің басты мақсаты – жастар бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру және оларды тәрбиелеу, отбасылық құндылықтарды насихаттау, неке және отбасы институтын нығайту.

«Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары А.М. Раисов аналар  кеңесі біздің ұлттық құндылықтарымыз жанданып жатқан өзіндік мектепке айналғанын атап өтті. Кеңес мүшелері жас ұрпаққа біздің ұлттық құндылықтарымыздың, әдемі және өнегелі дәстүрлеріміздің мәні түсіндірілетін «Қоғамдық келісім» КММ жобаларына қуана қатысады. Ағымдағы жылдың ақпан айында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Қазақтану» жобасы аясында «Бір шаңырақ астында – биік мақсаттарға» ұзақ мерзімді жобасы іске қосылды, оған  әртүрлі деңгейдегі Аналар кеңестері белсенді қатысуда.

Аналар кеңесі мүшелерінің алдында жас отбасыларды түрлі шығармашылық қызметке одан әрі тарту және олардың шығармашылық әлеуетін ашу,  дені сау және рухани-адамгершілігі мол ұрпақ тәрбиелеу үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыру бойынша, аймақтағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту мақсатында вакцинация бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру жөніндегі маңызды міндеттер қойылды.

Отырыс  соңында Айдын Мақсұтұлы Кеңес мүшелеріне өз жұмыстарында тың шығармашылық идеялардың көп болуын тіледі.