Достық үйіндегі кездесу
Достық үйінде облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренов Ақмола ассамблеясының этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының басшыларымен кездесті.
Әңгіме барысында Алтынай Байқадамқызы өңірдің негізгі жетістіктері туралы және одан әрі даму жоспарлары мен перспективаларын айтты. Кездесуге қатысушылар өздерінің биылғы жылғы жұмыс нәтижелерімен бөлісті.
Кездесу қорытындысы бойынша, Алтынай Әміренова елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды табысты іске асыру үшін бүкіл халықтың қолдауы қажет екенін атап өтіп, этномәдени бірлестіктер мен Ассамблеяның қоғамдық құрылымдары басшыларының аймақтағы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.