15 мамыр – Халықаралық Отбасы күні

Бақытты отбасы – табысты мемлекеттің өзегі. Әлеуметтік зерттеулер нәтижелері бойынша, біздің отандастарымыздың дені отбасын – ең басты құндылық деп санайды екен. Отбасы құндылықтарының алға озып, әл-ауқаттың өсуі қай кезде де мемлекет үшін де, қоғам үшін де маңызды міндет болып қала береді.

Бүгін Достық үйінде атаулы мерекеге арналған іс-шаралар аясында ҚХА Аналар кеңесі «Қоғамдық келісім» КММ-і қолдауымен «Анаға апарар жол» фильмын көрермендер назарына ұсынды. Тәрбиелік маңызы зор қойылымды көпбалалы аналар мен қаладағы қыздар клубы мүшелері және де басқалары қызығушылықпен тамашалады.