Журналистер клубының отырысы
Журналистер клубы Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қоғамдық құрылымы ретінде ассамблеяның, оның қызметін ақпараттық сүйемелдеуде маңызды рөл атқарады.
Бүгін Достық үйінде жыл бойы атқарған жұмыстарды қорытындылап және алдағы жылдың мақсаттарын айқындап алу үшін Журналистер клубының мүшелері бас қосты.
Отырысты басқарған Ақмола ҚХА секретариатының меңгерушісі С.М.Кенжебаев, Журналистер клубы объективті ақпарат беру барысына әсер ететін маңызды орган және диалог алаңы екені және бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдарына азаматтық қоғам институты ретінде қоғамдық пікірді қалыптастырудың ерекше миссиясы жүктелетініне қатысушылардың назарын аударды.
Сөз алған спикерлер қоғамдық санада қоғамдық келісімді, рухани-адамгершілік құндылықтарды және қазақстандықтардың жалпыұлттық мұраттарын нығайту мен сақтаудың құндылықтарын насихаттайтын, мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтетін және оның этносаралық коммуникация тілі ретіндегі қоғамдық маңыздылығын арттыратын оң ақпараттық өнімдерді және қызықты контенттің шығуын қамтамасыз ету туралы өз ойларымен бөлісті.
Отырыс соңында этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» байқауының қорытындысы бойынша әр номинациядағы жеңімпаздар марапатталды.