Заңды білген абзал

Бүгін Достық үйінде мекеме қызметкерлерінің дөңгелек үстелде кездесуі өтті.
Отырыс барысында «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Қайырбай Сейтмағамбет көрінеу жалған (фейк) ақпаратты таратқаны үшін жауапкершілік туралы ақпарат ұсынды.
ҚР Қылмыстық Кодекстің 274-бабы көрінеу жалған ақпараттың таралуын қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін туғызатын ретінде айқындайды.
Осы баптың тұжырымы мәліметтерді де, пікірлерді де таратқаны үшін жазаны қарастырады.
Осы баптың 1-бөлігінің нормаларына сәйкес көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.