ЖОО сыйлық

А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті жанында Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасы жұмыс істейді. «Қоғамдық келісім» КММ облыста орын алып жатқан  этносаяси процестерге ғылыми-сараптамалық бағалауды қамтитын ақпарат және материалдармен ҚХАА қамтамасыз ететін кафедра оқытушыларымен тығыз ынтымақтастық жасайды.

Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында «Қоғамдық келісім» КММ ҚХА кафедрасына отыз кітап тарту етті.  Оның ішінде Елбасының Қазақстандағы бейбітшілік пен келісім туралы кітабы, Қазақстанның көпэтносты халқы туралы энциклопедия, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы, қазақтардың этногенезі, халықтардың Қазақстанға депортациялану тарихы және т. б. туралы өзге де басылымдар бар.