Диалогтан келісімге

А. ж. 26 мамыр күні Бурабай ауданы Щучинск қаласы №9 мектеп гимназиясында білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Диалогтан келісімге» атты аудандық ғылыми конференция өтті.

Конференцияға Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау Университетінің филология ғылымының кандидаты, Шаяхметова А.А., әлеуметтік және жас ерекшелік педагогика кафедрасының професссоры Зұлқарнаева Ж.А., «Бурабай» газетінің директоры Бейсенов Ө.Т. және Бурабай аудандық мектептерінің оқу тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Конференцияда білім беру саласындағы медиация институтын ілгерілету мақсатында жалпы білім беру мекемелерінде мектеп медиациясы қызметін құру мәселелері талқыланды.«Қоғамдық келісім» КММ талдау және мониторинг бөлімінің бас сарапшысы Сванкулова А.А. «Медиация этносаралық қатынастарды үйлестіру құралы ретінде» тақырыбында баяндама жасады.

Конференцияның соңында Щучинск қаласы  №9 мектеп гимназиясының директоры, кәсіби медиатор, тренер Кушекова Бибігүл  Қуанышқызының «Мектеп медиаторларын психологиялық – педагогикалық сүйемелдеу» атты әдістемелік жинағының тұсау кесері өтті.