Отбасы – менің тірегім

15 қыркүйекте «Қоғамдық келісім» КММ-де Отбасы күніне арналған іс-шара өтті, оған этномәдени бірлестіктердің дарынды отбасылары қатысты.

«Отбасы – менің тірегім» дөңгелек үстелі қатысушыларының негізгі талқылау тақырыбы отбасы тасымалдаушы болып табылатын халықтың мәдени және рухани құндылықтарын сақтау, қоғамда отбасылық қатынастар дәстүрлерін нығайту болды.

Өзінің құттықтау сөзінде облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі Сабырхан Кенжебаев қатысушыларды мерекемен құттықтап, отбасы — балаларды тәрбиелеуде, оларды рухани және ұлттық құндылықтарға баулуда маңызды рөл атқаратын қоғам бірлігі екенін атап өтті.

Ақмола облысы поляктар бірлестігінің төрағасы Н.М. Нагачевская, «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ төрағасы М. М. Қойшин, «Дала өлкесі казактарының одағы» РҚБ Ақмола бөлімінің атаманы И. И. Громов отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтарды насихаттау туралы айтты.

Мереке баланың жеке басын қалыптастыруға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қатысатын ата-аналарына, ата-әжелеріне, бауырларына және басқа да жақын туыстарына жылы лебіздерін білдіруге себеп болды.

Іс-шара жылы, достық жағдайда өтті. Мереке жүргізушілері әр отбасын слайдтармен таныстырды. Ал залда облысымыздың түрлі этностарын білдіретін көпбалалы және халықаралық отбасылар қатысты.

Мереке аясында этномәдени бірлестіктердің отбасылары ААНК Хатшылығының алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.