Поляктардың депортациялануы

А.ж. 31 мамырында Ақмола облысы поляктар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қоғамдық келісім»  КММ саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Оның жұмысына мемлекеттік органдардың қызметкерлері, поляк қоғамдық бірлестігінің мүшелері,  депортацияланған поляктардың ұрпақтары қатысты.

«Қоғамдық келісім»  КММ басшысы Е. Б. Нұғыманов өзінің кіріспе сөзінде ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін  – Қазақстанға жазықсыз жер аударылған адамдар – поляктардың, немістердің, кәрістердің және басқа да этностардың ғана емес, қазақтардың да миллиондаған өмірін қиған көпұлтты Қазақстан халқының тағдырындағы қайғылы оқиға екенін атап өтті.

Ақмола облысы мемлекеттік мұрағатының директоры Батырханов Т. Б., облыстық өлкетану мұражайының қызметкері Кренделева Г. Т. қуғын-сүргінге ұшыраған поляктардың ұрпақтары Трищ П. С., Байковская А. К., Заможневич Ю. Ф., Карчинская П. Б. және т. б. поляктардың Қазақстанға жер аударылу тарихы туралы мұрағат құжаттарымен, олардың бастан кешкен қиыншылықтары мен азаптары туралы естеліктерімен, депортацияланған халықтарға қазақтар тарапынан көрсетілген  көмегі туралы сөз қозғады.

Іс-шарада поляктар қоғамдық бірлестігінің «Степовы квяты» ансамблі және дөңгелек үстел қатысушыларының орындауында депортация жылдарынан аман қалған этностардың достығы туралы өлеңдер оқылып,  әндер шырқалды.