Халықтық қолданбалы өнер шеберлерінің байқауы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Степногорск қаласында «Менің Отаным-Менің Қазақстаным» облыстық байқауының аудандық кезеңі өтті. Оған 14 халықтық қолданбалы өнер шебері қатысты.

Байқау қатысушыларына өздерінің жылы лебіздерін «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Е. Б. Нұғыманов, қаланың этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері білдірді.

Байқауға қатысушылар қазылар алқасының назарына ағаштан, сүйектен, пластиктен, бисерден және матадан жасалған бұйымдар ұсынды. Әр жұмыс өзіндік орындалу шеберлігі және жоғары көркемдік талғамымен ерекшеленді.

Көрермендер ұлттық нақышта орындалған халықтық қолданбалы өнер шеберлерінің экспозициялық бұйымдарын тамсана тамашалады. Олардың әрқайсысы қазақ мәдениетінің тарихы мен дәстүрлерін бейнелеп, қазақ халқының еркіндікті сүйетін рухын жеткізгендей.

Барлық жұмыстарды құзыретті қазылар алқасы лайықты бағалады. Байқаудың бас жүлдесін Пушкарева Екатерина жеңіп алды. Бірінші, екінші және үшінші орындарды сәйкесінше Меруерт Бейсекен, Мақажанова Алтынай (Бестөбе кенті) және Захарова Юлия иеленді. Жеңімпаздар «Қоғамдық келісім» КММ атынан алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар алды.

Байқау этномәдени бірлестіктердің көркемдік ұжымдары қатысқан үлкен мерекеге ұласты.