Халықтық қолданбалы өнер шеберлерінің байқауы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Ерементау ауданыныңда «Менің Отаным-Менің Қазақстаным» облыстық байқауының аудандық кезеңі өтті. Оған 11 халықтық қолданбалы өнер шебері қатысты.

Байқауға қатысушылар қазылар алқасының назарына ағаштан, сүйектен, пластиктен, бисерден және матадан жасалған бұйымдар ұсынды. Әр жұмыс өзіндік орындалу шеберлігі және жоғары көркемдік талғамымен ерекшеленді.

Көрермендер ұлттық нақышта орындалған халықтық қолданбалы өнер шеберлерінің экспозициялық бұйымдарын тамсана тамашалады. Олардың әрқайсысы қазақ мәдениетінің тарихы мен дәстүрлерін бейнелеп, қазақ халқының еркіндікті сүйетін рухын жеткізгендей.

Барлық жұмыстарды құзыретті қазылар алқасы лайықты бағалады. Байқаудың бас жүлдесін Әлем Нахшир жеңіп алды. Бірінші, екінші және үшінші орындарды сәйкесінше Жанимхан Кулатай , Ахметов Дастан мен Мухамедьяров Руслан Досмағамбетов Бауыржан иеленді. Жеңімпаздар «Қоғамдық келісім» КММ атынан алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар алды.

Байқау ауданның көркемдік ұжымдары қатысқан үлкен мерекеге ұласты.