Мерейтой иесін құттықтау

Бүгін Достық үйінде Ақмола ҚХА жанындағы сәндік-қолданбалы шеберлер Одағының төрайымы Нұрқанова Гүлбара Намазбекқызын 60 жасқа толу мерекесімен құттықтау салтанаты өтті.
Аталған шара барысында мерейтой иесіне Ақмола ҚХА төрағасы орынбасарының құттықтау хатын ҚХАА хатшылығының меңгерушісі С.М.Кенжебаев оқып, алқызыл гүл шоғын және сыйлық табыстады.
«Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Е.Б.Нұғыманов Гүлбара Намазбекқызын құттықтай отырып, сәндік-қолданбалы шеберлер Одағының төрайымы ретінде Ақмола ассамблеясының жұмысына қосып жүрген үлесіне ризашылығын білдірді.