«Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы

Ағымдағы жылдың 6 наурызында облыстық Достық үйінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы қалалық Аналар кеңесі «Өмір жолы» қоғамдық қорымен бірлесіп «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясын өткізді.

Ұйымдастырушылар зейнеткерлерге, көп балалы аналарға және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған төсек-орын жинақтарын таратты.

Бұл күні әйелдер үшін «Синегорье вокалдық студиясының, «Русская песня», «Галиябану» халық ансамбльдерінің солистері орындаған сүйікті әндері шырқалды.

Кеңестің белсенді мүшелері «Қоғамдық келісім» КММ алғыс хаттарымен марапатталды.