Қайырымдылық акциясы

Құралай Жұмабекова бастаған Аналар үйі биыл өзінің он жылдығын атап өтеді. Мұнда қиын өмірлік жағдайға тап болған балалары бар жалғызбасты аналарға көмек жасайды.

Қазіргі уақытта үйде жеті жалғызбасты әйел тұрады. Ақмола облысының іскер әйелдер қауымдастығы Аналар үйіне тұрақты қолдау көрсетеді.

8 Наурыз көктемгі мереке қарсаңында қауымдастық мүшесі, Ақмола облысы өзбек ұлттық мәдени орталығының төрайымы Тәжбуви Медетова қайырымдылық акциясы аясында әйелдерді мерекелік түскі асқа шақырды.

Жас аналар көңілді уақыт өткізді, байқауларға қатысты, әртістермен бірге сүйікті әндерін шырқады.