Фейк жаңалықтар туралы

26 қазан күні Достық үйінің қызметкерлерімен кездесу өтті.
Отырыс барысында Ақмола облысы ішкі саясат жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесі бөлім басшысы Қайырбай Сейтмағамбет аталған тақырып бойынша ақпарат ұсынды. «Жалған жаңалықтар» термині XIX ғасырда пайда болды, бірақ интернет пен әлеуметтік медиа жалған жаңалықтарды жасау және тарату тәсілдерін өзгертті. Бүгінгі күнде жалған (фейк) жаңалықтарды таратудағы қолданыстағы кликбейт, жаңылыстыратын, жалған мазмұнды тақырыптар, насихаттау және т.б. тәсілдері туралы түсініктер тыңдаушыларға жеткізілді.