Ғылыми-практикалық семинар өтті

24 мамырда Достық үйінде Славян жазуы мен мәдениеті күніне орай «Классикалық әдебиет заманауи білім бренді ретінде» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өтті.

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Е.Нұғыманов қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі.

Осы семинар аясында орыс драматургі Александр Островскийдің шығармаларына жан-жақты баға берілді, оның жұмысы орыс ұлттық театрының дамуындағы маңызды кезең болғаны аталды. Қазіргі театр мен оқырмандардың классикалық әдебиет арасындағы байланыс тақырыбы да талқыланды.

Семинарға белсенді қатысқаны үшін қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Аталған іс-шараны «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» ҚБ ұйымдастырды.