Ғибраты мол кездесу
Целиноград ауданының Рақымжан Қошкарбаев аулының мектебінде ғибраты мол іс-шара өтті.
Ақмола ҚХА мүшесі Магомед Сукалов оқушылармен кездесу барысында осы ауылдың тумасы, биыл 100 жылдығы аталып өтетін қазақ батыры Рақымжан Қошкарбаевтың ерлігі жайында баяндап, ол кісімен кездескен сәттері туралы әсерлі әңгімесімен бөлісті.
Жас жеткіншектерге осындай шаралардың отансүйгіштік сезімін қалыптастырудағы тәрбиелік маңызы зор екені сөзсіз.