Мерейтой иесіне құрмет көрсетілді

Бүгін «Қоғамдықкелісім» КММ-де Ақмола облысы Өзбек ұлттық мәдени орталығының төрағасы Т.У.Медетоваға құрмет көрсетілді.

«Қоғамдықкелісім» КММ басшысы Е.Б. Нұғманов мерейтой иесін атаулы күнімен құттықтап, оған облыстық ассамблея төрағасының орынбасары, облыс әкімінің орынбасары А. Б. Әміренованың атынан құттықтау хатын, облыстық Достық үйінің алғыс хатын табыс етті.

         Тожибуви Усмановнаның әріптестері, этно мәдени бірлестіктердің басшылары – Е.И. Мащинская, Р.С. Сулькарнаев, Г. В. Осиненко, М. М. Койшин және басқалар жылы лебіздерімен құттықтады.

         Т.У.Медетова Қазақстанда туып-өскен, өзінің еңбекқорлығы мен табандылығының арқасында табысты кәсіпкер, қоғам қайраткері болды. Ол өзін бақытты адам деп санайды, өйткені ол өзінің сүйікті ісімен айналысады, әртүрлі этностардың өкілдерімен араласады және  олардың арасында көптеген достары бар.

         Бүгінде Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі бола отырып, ол өз Президентінің реформаларын белсенді қолдайды, Қоғамдық келісім мен Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған облыстық ассамблеяның барлық іс-шараларына қатысады.