Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшелері форумға қатысуда

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшелері ғалымдар мен сарапшылардың арасында өткізілген «Қазіргі заманғы саяси-ұлттық мемлекет: ұлттық модельдер мен даму стратегиялары» форумына қатысты (Астана қаласы).

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының орталық-азия өңіріндегі ұлтаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу Орталығының қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сараптық кеңес, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Форумның аясында келесі міндеттерді шешу көзделіп отыр:

  • жаһанданушы әлемдегі мемлекеттердің дамуының қазіргі заманғы ұлттық стратегиясын құрайтын концептуалдық негіздерді талдау;
  • қазіргі заманғы жағдайларда азаматтық бірегейлікті қалыптастыру тәжірибесін мәдениеттанушылық және философиялық түсіну;
  • Н.Назарбаевтың келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделінің орнын және оның қазіргі заманғы жағдайдағы рөлін айқындау;
  • Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық сананы жаңғыртудағы институт ретіндегі рөлін ашу;
  • Қазақстанда, сонымен қатар барлық әлемде мәдени алуандылық пен мәдениетаралық диалогты сақтау мен көбейту бойынша тәжірибелік нұсқауларды өңдеу.