ҚХАА жанындағы облыстық Қоғамдық келісім Кеңесінің ЕРЕЖЕСІ

Қазақстан халқы Ақмола

ассамблеясы Кеңесінің шешімімен

2016 жылдың «7» маусымы

Бекітілді

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы

облыстық Қоғамдық келісім Кеңесінің

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ереже

1. Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестері (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының консультативті – кеңесші орган болып табылады.

2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.

3. Кеңесте ардагерлер, аналар, жастар істері бойынша кеңестердің, шығармашылық одақтардың, сондай-ақ Қазақстан халық Ассамблеясы өкілдерінің міндетті өкілдігі есепке ала отыра Кеңес құрамы қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени бірлестіктер, мемлекеттік органдардың өкілдері қатарынан қалыптастырылады.

Кеңес құрамы Қазақстан халқы Ақмола ассамблея Кеңесінде бекітіледі.

4. Кеңес төрағасын Кеңес мүшелері оның жиналысында сайланады. Кеңес төрағасы беделді қоғамдық қайраткер немесе белсенді қоғамдық-саяси ұстанымы бар тұлға сайлануы мүмкін.

Кеңес төрағасы  Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Кеңесінің құрамына кіреді.

2. Кеңестің міндеттері мен функциялары

5. Кеңестің негізгі міндеті – қоғамда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында азаматтық қоғам институттарының, саяси және үкіметтік емес ұйымдардың, басқа бірлестіктердің басын бір арнаға біріктіру, Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізудің, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асырудың және Жаңа Қазақстандық Патриотизмді тәрбиелеудің біртұтас тәсілдерін әзірлеу.

6. Кеңес келесі функцияларды орындайды:

1) қалыптасқан жағдайды саралау, сондай-ақ өңірде әлеуметтік және басқа да шиеленістерді болдырмау және шешу бойынша ұсынымдар әзірлеу;

2) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жөнінде, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;

3) Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған азаматтық қатысуды, қоғамдық бастамаларды, әлеуметтік маңызды жобаларды және бағдарламаларды қолдау және дамыту;

4) ардагерлер, кәсіподақ, жастар бірлестіктерін және басқа да қоғамдық ұйымдарды қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты насихаттауға және іске асыруға тарту;

5) әлеуметтік мәселелерді болдырмауға және алдын алуға, келіспеушіліктер мен жанжалдарды реттеу, әлеуметтік шиеленіс ошақтарының туындауына мүмкіндік беретін жағдайларға жол бермеу жөнінде тәжірибелік іс-шараларды іске асыруға қатысу;

6) жергілікті жерлерде қайырымдылық, медиация және қоғамдық бақылауды дамытуға көмектесу.

3. Кеңестің өкілеттіктері

7. Мемлекеттік комиссия өз құзыреті шегінде:

1) мемлекеттік органдардан өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға;

2) Кеңес отырыстарында Кеңес құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдауға;

3) Кеңес құзыретіне жатқызылған нақты проблемалар мен мәселелер бойынша ұсыныстар тұжырымдау мақсатында жұмыс топтарын және комиссиялар құруға;

4) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.

4. Кеңес қызметін ұйымдастыру

8. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен жиілетпей өткізіледі.

9. Кеңес отырыстары Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысқан кезде заңды болады.

10. Кеңес шешімдері отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Кеңес мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

11. Кеңес отырыстарына Кеңес мүшесі болып табылмайтын лауазымды адамдар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің, Қазақстан халқы Ассамблеясының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.

12. Кеңес төрағасы:

1) Кеңес қызметін басқарады және оның отырыстарына төрағалық етеді;

2) күн тәртібін айқындайды және Кеңес отырыстарының хаттамасына қол қояды.

13. Төраға болмаған жағдайда оның міндеттерін төраға белгілеген орынбасар атқарады.

14. Кеңес хатшысы:

1) Кеңес Мүшелеріне отырыстың өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарлайды;

2) Кеңес отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады;

3) Кеңес отырыстарының хаттамасын рәсімдейді;

4) Кеңес төрағасына қабылданған шешімдерді орындау бойынша атқарылған жұмыс туралы оның мүшелері дайындаған есепті ұсынады;

5) Кеңес төрағасының тапсырмасы бойынша басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Кеңес хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.

15. Кеңесінің жұмыс органы Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының хатшылығы болып табылады.

Кеңестің жұмыс органы:

1) Кеңес қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

2) Кеңес құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, лауазымды адамдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізеді;

3) Кеңес қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

16. Жергілікті мемлекеттік органдар Кеңес жүктелген міндеттерін орындауда оған жәрдемдеседі.