Жалпықазақстандық ашық диктант

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ағымдағы жылы 3 қыркүйегінде «Тәуелсіздік-біздің басты құндылығымыз!» атты  жалпықазақстандық  ашық диктант өтті.

Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастыруымен және мемлекеттік тілді этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде қолданылу  аясын кеңейту арқылы жастардың бойында қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру мақсатында өткізілді.

«Қоғамдық келісім» КММ  ғимаратында   диктант жазуға 21 адам қатысты – бұл Біржан сал атындағы музыкалық колледж студенттері.

Мемлекеттік тілді оқыту орталығының комиссиясы балалардың үздік жұмыстарын таңдап, оларды Қазақстан халқы Ассамблеясына жібереді.

Сонымен қатар, ашық диктантта  Степногорск қаласы,  Целиноград, Есіл, Зеренді, Жарқаин, Бурабай, Астрахан аудандарының оқушылары мен мемлекеттік қызметкерлері  қатысты.   Барлығы 200-ден аса адамдар.