Жетім балалар сұрақтары қаралды

5 мамырда Достық үйінде Ақмола ҚХА Аналар кеңесі «Ана үйі» ҚҚ ресурстық орталығымен бірлесіп «Ана үйі» қорының 10 жылдығына арналған «Жетім балалар субъективті әл-ауқатының факторлары» атты дөңгелек үстел өткізді.

Аталған іс – шараға балалар мекемелерінің түлектері, бизнесмендер, заңгерлер, аналар кеңесінің, әкелер одағының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар пікір алмасу барысында осы санаттағы балаларды тәрбиелеу және қоғамдағы орны мәселелерін жан-жақты талқылады.