Ақпараттық-түсіндіру тобы Есіл ауданында

Ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Е.Б. Нұғыман, аталған басқармасының этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы Г. С. Сабирова, «Қоғамдық келісім» КММ талдау және мониторинг бөлімінің басшысы А. К. Раев, «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» ҚБ төрағасының орынбасары Н. Дивисенко бар облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы Есіл ауданында болды.
Сапар барысында «Ғарыш АШК» және «Шаңырақ Р» ЖШС-нің еңбек ұжымдарымен кездесулер өтті. Кездесулерге аудан әкімнің орынбасары Н.М. Саматов, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б. Б. Байғалым, Еркін ауылдық округінің әкімі А. Ж. Шайхистанов қатысты.
Ақпараттық-түсіндіру жұмысы барысында кездесуге қатысушыларға этносаралық қатынастар саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары жеткізілді, ҚР ҚК 180, 174-баптары бойынша жауапкершілік түсіндірілді, этносаралық шиеленістер мен жанжалдардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүргізілді.