Ақпараттық-түсіндіру тобы Сандықтау ауданында
Бүгін Ақмола ассамблеясының ақпараттық-түсіндіру тобы Сандықтау ауданы Каменка ауылындағы агротехникалық колледж оқушыларымен кездесті.
Кездесу басында сепаратизмнің көріністері және осы қызмет үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік туралы тақырыптағы бейнеролик көрсетілді.
«Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары А.Б. Нұрмағанова қатысушыларды мекеменің этномәдени бірлестіктермен, ҚХАА қоғамдық құрылымдарымен өзара іс-қимылы және «жобалық кеңсе» ретінде қызметімен таныстырды. Сондай-ақ, ол әлеуметтік желілерде сепаратизмге шақыру, «чат рулеткалары» және т.б. деструктивті көріністерге жүргізілген мониторинг туралы айтып, жастарды олардан сақ болуға шақырды.
«Вайнах» шешен-ингуш орталығының төрағасы Г.И. Яндиев 30-шы жылдары Кавказ халықтарының депортациялануы және қазақ халқының қоныс аударушыларға қолдауы мен көмегі туралы әңгімемен бөлісті және жастарды біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда жалпыұлттық бірлікті нығайтуға шақырды.