Отбасылық қатынастарды қалай нығайтуға болады

А. ж. 18 қарашасында “Қоғамдық келісім” КММ-де “Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы” Ақмола филиалының ұйымдастыруымен “Отбасы – тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесінің негізі” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Н.И. Сейдалина, Ішкі саясат басқармасының және облыстық Достық үйінің өкілдері, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттері қатысты.

Сейдалина Найля Ибрагимовна тәжірибелі модератор және психолог ретін

де диалог форматында, нақты өмірлік жағдайларды мысалға ала отырып  жас тыңдаушылардың тақырыпқа деген қызығушылығын оятты. Дөңгелек үстелге қатысушылар отбасының қазіргі қоғамдағы рөлі, отбасылық қатынастардың негіздері, жас отбасын нығайтуға ықпал ететін факторлар туралы айтты. Бұл тақырып іс-шара аяқталғаннан кейін де  Аналар кеңесінің өкілімен әңгімелерін жалғастырған жас қыздарға қатты әсер етті.