Ғылыми жұмыстар байқауы өз нәтижесін көрсетті
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің «Отан тарихы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының және Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен Қазақстан халқының бірлігі күніне арнап «Толеранттылықтың қазақстандық моделінің ерекшеліктері» тақырыбында студенттердің ғылыми жұмыстарының байқауын өткізді.
Байқаудың қорытындысы жасалғаннан соң Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде факультет деканы Бексеитова Ақбота Тастанбекқызының және студенттердің ғылыми жетекшілерінің қатысуымен орындарға ие болған студенттерді дипломдармен және сыйлықтармен марапаттау салтанаты ұйымдастырылды.
Осылайша, «Этномәдени бірлестіктердің қызметі толеранттылықтың қазақстандық моделінің ерекшелігі ретінде» тақырыбында ғылыми жұмыс жазған «Тарих» мамандығының 1 курс студенті Поманисочко Кристина байқаудың қорытындысы бойынша бірінші жүлделі орынға ие болды.
«Жастарды отансүйгіштік пен толеранттылық рухында тәрбиелеу» тақырыбында ғылыми жұмыс жазған «Тарих» мамандығының 1 курс студенттері Досымова Камила және Қайыргелдинова Жұлдыз байқаудан 2-ші жүлделі орынға ие болды. Сонымен қатар 2-ші орын «Қазақстан жастарын толеранттылыққа тәрбиелеу: мәселелер, әдістер, ұсыныстар» тақырыбында ғылыми жұмыс жазған «Тарих» мамандығының 1-ші курс студенті Арив Елікжанға берілді.
Студенттердің ғылыми жұмыстары байқауында 3 орынды «Толерантность – основной принцип казахстанской модели общественного согласия» тақырыбында жұмыс жазған «Топырақтану» мамандығының 2 курс студенті Әлімұрат Аяулым мен «Қазақстандық толеранттылық өмірдің нормасы ретінде» тақырыбында жұмыс қорғаған «Тарих» мамандығының 2 курс студенті Елтай Әсем бөліп алды.
Барлық студенттерге дәрежелі дипломдармен қатар сыйлықтар берілді.