Гульбара Намазбековна этнодизайнерлер одағының төсбелгісі мен куәлігімен марапатталды
Ағымдағы жылдың 27.01 күні Қазақстан халқы Ақмола Ассамбелеясы жанындағы сәндік-қолданбалы өнер шеберлері Одағының төрайымы Нурканова Гулбара Намазбековна Астана қаласындағы әдістемелік орталықтың ұйымдастырумен Ы.Алтынсарин атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде республикалық білім беру ұйымдары арасында көркем еңбек және графика жобалау пәні педагогтеріне арналған «Оқытуда инновациялық әдістері мен жаңа ақпараттық технологияларды қолдану» тақырыбында өткен семинар – практикумға қатысты. Аталған семинарға ұршық иіру іс – тәжірібесімен бөлісіп, көрме ұйымдастырды.
Аталмыш іс-шарада Гульбара Намазбековна Қазақстан этнодизайнерлер одағының төсбелгісі мен күәлігі және Сертификатпен марапатталды.