Алғыс айту – жүрекке жылу сыйлайтын керемет қасиет, қарапайым адамгершілік парыз
Бүгін Достық үйінде қолөнер шеберлерінің көрмесінен бастау алған айтулы мерекеге арналған алқалы жиын өтті.
Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Алин құттықтау сөзінде мерекенің маңыздылығын айта келе, түрлі жағдайлар мен оқиғалар кезінде белсенділік пен азаматтық ұстанымын танытқан барша ақмолалықтарға алғысын білдірді. Өңіріміздің дамуына үлесін қосып жүрген белсенді азаматтарға Қазақстан халқы Ассамблеясының және Облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.
Қоғамда достық, мейірімділік, ризашылық құндылықтарын ілгерілету, қазақстандық бірегейлік пен халық бірлігін нығайту мақсатындағы мереке аясында Отанымыздың өркендеуі жолында сіңірген жасампаз еңбектеріңіз үшін баршаңызға шынайы ниетпен алғысымызды айтамыз!