Алғыс айту күні

А. ж. 1 наурыз күні  «Қоғамдық келісім» КММ облыс әкімі, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының төрағасы Е. Б. Маржықпаев Алғыс айту күніне орай облыстық ассамблея активімен кездесу өткізді.

Ермек Боранбайұлы құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен құрылған бұл күн барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген сүйіспеншілігінің, достығы мен құрметінің, депортациялау жылдарында елімізге қоныс аударған этностардың өздеріне мейірімділік танытқан және оларды туған-туысқандары ретінде қабылдаған қазақтарға алғыс білдірілудің жарқын мерекесіне айналғанын атап өтті.

ҚХАА мүшелері Г.И. Яндиев, А. А. Артеменко, Ақмола облысы поляктар бірлестігінің мүшесі П. С. Трищ, депортацияланған немістердің ұрпағы Н. Д. Жексембаева және т. б. сөз сөйлегендер қазақ халқына сталиндік қуғын-сүргін жылдарында танытқан көмек пен қолдауы үшін, ал Елбасы мен ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевқа біздің көпұлтты елдегі бейбітшілік пен тыныштық үшін алғыстарын білдірді.

Өз сөздерінде Көкшетау қаласының құрметті азаматы Б.С. Жанәділов, «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ  мүшесі Б. А. Ерманова және басқалары Қазақстан мен Ақмола облысының Тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті.

«Өңірдің экономикасындағы, әлеуметтік өміріндегі оң өзгерістер әрбір этнос өкілдерінің қосқан үлесі, оларды өзара қолдау және бір-біріне құрмет көрсетулері арқасында мүмкін болды»,- деп атап өтті облыс әкімі Е. Б. Маржықпаев.

Мерекеге орай облыстық ассамблея белсенділеріне «Халық алғысы» медальдері және облыс әкімінің алғыс хаттары табыс етілді.