Ғасырлар бойы қалыптасқан татулық
Биыл Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ХХІ ғасырда тату көршілік және одақтастық туралы шартқа қол қойылғанына 10 жыл толды. Шарттың негізгі ережелерін орындау арқасында екі елдің және халқының мүдделеріне жауап беретін дамыған мемлекетаралық қатынастардың моделі қалыптасты.
11 қарашада «Қазақстан мен Ресей – ғасырлар бойы қалыптасқан татулық» атты екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнату мерейтойына арналған мерекелік концертті «Ақмола облысы орыс қауымдастығы» ҚБ ұйымдастырды.
Достық үйінің сахнасында «Русская песня», «Галиябану» халық ансамблінің, «Синегорье» және «Волшебный микрофон» вокалдық студияларының әншілерініңі орындаған қазақ, орыс және татар тілдерінде Отан, достық, туған жерге деген сүйіспеншілік туралы әндер шырқалды.
«Адажио» би мектебінің және «Көкшетау» облыстық мәдениет сарайының «Сувенир» халық би ансамблінің қатысушылары көрермендерді орындалған би композицияларының көркемдігі және пластикасымен қуантты.