Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеу

А. ж. 16 сәуірінде “Қоғамдық келісім” КММ онлайн режимінде “Сыбайлас жемқорлықты жаппай қабылдамау – бірлік пен тұрақтылықтың кепілі” тақырыбында ҚХАА мүшелерінің, ЭКО басшыларының, Достық үйі мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

“Қоғамдық келісім” КММ басшысы Е.Б. Нұғыманов өзінің кіріспе сөзінде азаматтық қоғамның қатысуынсыз корупацияға қарсы тұру мүмкін емес екенін атап өтті. Өзінің азаматтық құқықтары мен міндеттері туралы қажетті білімі бар, сыбайлас жемқорлық көріністерін өздерінің азаматтық құқықтарын бұзу ретінде қабылдайтын және осы құқықтарды қорғауға дайын азаматтарды құқықтық тұрғыдан сауатты тәрбиелеу қажет.

Бұл тұрғыда “Қоғамдық келісім” КММ ҚХАА мүшелерімен, этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша диалог алаңдарын, семинарлар, конференциялар, жастармен кездесулер және т.б. түрлі іс-шаралар өткізеді.

Шара барысында сөз сөйлеген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары А. Т. Бердалин, “NurOtan” партиясы Ақмола филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңесі төрағасының орынбасары С. А Аяғанов, облыстық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Ғ. Т. Төлеғұл, “Қоғамдық келісім” КММ маманы К. Сейітмағамбет және басқалар мемлекеттік органдардың, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысуы, халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сауаттылығын арттыру жөнінде айтты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың басты құралы әрбір азаматтың осы процеске қатысуы болып табылады деген пікірде болды, өйткені сыбайлас жемқорлықтың деңгейін бұқаралық күш-жігермен ғана төмендетуге болады.