«Достық – басты байлық» мерекелік іс-шарасы

29 сәуірде Достық Үйінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Достық – басты байлық» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары – Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеяның құрамындағы АРСК Ақмола облыстық филиалы және «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» ҚБ.

Концерттік бағдарламада әртістердің орындауында Қазақстан халқының әр тілдерінде әндер шырқалды, балаларға арналған «Менің Қазақстаным» асфальтта сурет салу байқауы өткізілді, сондай-ақ, жергілікті қолөнер шеберлерінің сәндік – қолданбалы өнер бұйымдарының көрме-сатылымы ұйымдастырылды.

Өткізілген іс-шара келушілерге көптеген жағымды әсерлер мен оңды эмоциялар сыйлағанын атап өтуге болады.