Қалалық Аналар кеңесінің отырысы
Бүгін Достық үйінде «Көкшетау қаласы мектептерінің Аналар кеңесінің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа Көкшетау қаласы мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтары, мектеп Аналар кеңесінің төрайымдары қатысты.
Көкшетау қаласы Аналар кеңесінің төрайымы Нәйла Сейдалина жүргізген кездесуде Аналар кеңесі жұмысын жандандыру, оларды басқа қоғамдық құрылымдармен, педагогикалық құраммен біріктіру, интеграцияның аса маңызды құралы ретінде мемлекеттік тілді күнделікті өмірге енгізу, балалар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу, ерекше дамуы және мүгедектігі бар балаларды әлеуметтендіру, мектептегі қарым-қатынас мәселесі және медиация арқылы жанжалдарды шешу жолдары сөз болды.