Этномәдени бірлестіктер ұлтаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы медиаторлар ретінде қызмет етуде

Медиация институтын Қазақстанда дамыту және медиация саласындағы жан-жақты серіктестікті қарқындандыру, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі аясында Қазақстан Республикасындағы қоғамдық келісімді қамтамасыз ету бойынша медиация институтын дамыту мақсатында мақсатында  ағымдағы жылдың 16 қазанында Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен ҚХАА жанындағы Ғылыми-сараптық топ «Этномәдени орталықтар ұлтаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы медиаторлар ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Аталған іс-шараға  Әділет департаментінің, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктердің, ғылыми-сараптық топтың өкілдері, қоғамдық келісім Кеңесінің төрасы мен мүшелері, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары, «Медиацияны дамыту орталығы» РММ медиаторлары, БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараның барысында Қазақстандағы медиация институтының нормативтік-құқықтық негіздері, ҚХА медиация кабинеттерінің азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекеттестігінің негізгі тетіктері түсіндіріліп, қатысушылар ұлтаралық қатынастар саласындағы медиация бойынша отандық және шетелдік тәжірибені, ҚХА қызметі аясында медиация бойынша тәжірибені дамытуды талқыға салды.

Дөңгелек үстелдің модераторы Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сараптық топтың төрағасы, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісінің орынбасары, халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Қапышев Ардақ Қайыржанұлы өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясының халқымыздың бірлігін нығайтуда, мемлекет ішіндегі бейбітшілік пен келісімді сақтауда маңызды рөл атқаратынын айтып өтті. Үрдістік салада медиация ұлтаралық қатынастар саласында да, дәлірек айтқанда ҚХА этномәдени бірлестіктері мен құрылымдары тұрғысында жұмыс істеп келеді: Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі ұлтаралық қақтығыстардың алдын алу мәселелері бойынша үйлестірушіге айналуы тиіс.

Сонымен қатар «Медиацияны дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің кәсіби медиаторы Диковенко Дмитрий Николаевичтің «Қазақстан Республикасындағы медиация» тақырыбындағы баяндамасын мазмұнды деп атап өтуге болады, себебі ол елімізде медиацияны дамытудың басым мәселелерін айқындап өтті.