Көкшетау қ. Достық үйінде қайырымдылық акциясы өткізілді
Ағымдағы жылдың 15-ші мамырында Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-де Халықаралық Отбасы күніне республикалық отбасыларға қолдау көрсету апталығының ашылуына және «Асар» қайырымдылық акциясы аясында қайрымдылық іс-шара өтті. Іс-шараны Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі, «Kókshe» телеарнасы ұйымдастырды. Мерекелік бағдарламаға Аналар кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, көпбалалы отбасылар, Көкшетау қаласының оқу орындарының студенттері қатысты. Аталмыш шара отбасылық құндылықтарды насихатттай отыра, көпбалалы аналар Тлеукина Ризагүл және Қаржауова Нұргүлге жәрдемдесіп, Біржан сал колледжінің 1 курс студенті, жас талант Рахат Есімбекке (диагноз-жамбас остеогенді саркомасы) қол созуды көздеді. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ринат Галлямов аталған іс-шараның маңыздылығы жайлы айтып, Аналар кеңесінің атсалысуымен 2018 жылдың басынан бері өткізіліп жатқан қайырымдылық акциялардың барлығында жалпы құны 4 миллион теңге көлемінде қаражат жиналғанын жеткізді. Ақмола облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының жанындағы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлмира Құсайын әйелдер кеңесі атынан мерекемен құттықтап,шынайы тілегін жеткізіп,қаржылай көмек көрсетті. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова отбасы күнінің ерекшелігі жайлы сөз қозғап, осындай акциялар легі әлі де жалғасын табатынын айтып, бүгінгі шараға қатысқан жандардың баршасына алғысын білдірді. Қоғамдық келісім КММ-нің вокалдық-хореографиялық тобы меркелік шараның сәнін келтіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Қайырымдылық шарадан жиналған қаражат көмекке мұқтаж отбасыларға және жас талант Есімбек Рахатқа емдеуге жұмсалмақ.