Донор күні

Бүгін, 14 маусым, бүкіл әлемде Донор күні атап өтілуде. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қанатының мүшелері де өңірдегі ерікті донорлықты дамытуға өз үлестерін қосуда. Олардың бірі, «Бари» армян этномәдени орталығының өкілі Дарбинян Анна, автокөлік апатынан зардап шеккен балаға жәрдемдесу үшін  өз қалауымен қан тапсырды. Анна Ш. Уәлиханов атындағы КМУ шет тілдер факультетінің 3 курс студенті, репетиторлықпен айналысады. Бос уақытында «Жаңғыру жолы» жастар қанатының іс-шараларына қатысады. Осы жылы Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қайырымдылық акцияларына атсалыса отырып, өзін белсенді волонтер ретінде көрсете білді.