Депутатпен кездесу өтті
«Қоғамдық келісім» КММ ғимаратында ҚХАА белсенділерінің Қазақстан Республикасы VI шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрадов Ахметпен кездесу өтті.
Зал толы адамдар: облыстық этномәдени бірлестіктерінің, ҚХАА жанындағы қоғамдық құрылымдарының төрағалары мен мүшелері.
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марал Жақыпова өзінің кіріспе сөзінде «Бұл кездесу Президентіміздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында белгіленген мақсаттар мен жобаларды жүзеге асыру аясында өтіп жатыр», – деді.
Ахмет Сейдарахманұлы өз сөзінде Мәжілістің өткен жартыжылдықта атқарылған жұмыстары, оның ішінде ҚХА-нан тағайындалған депутаттардың істері туралы ақпарат берді. «Қазақстанның қомақты табыстары қоғамды біріктірудің, ұлт Көшбасшысының саясатын қолдаудың арқасында мүмкін болды. Қазір біз жаңа бағдарламаны орындау кезеңіне келдік – ол рухани жаңғыру бағдарламасы», – деді ол.
Кездесу нәтижелі пікір алмасу түрінде өтті. «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ төрағасы Мейрамбек Қиықов мемлекеттік тілдің маңыздылығы жөнінде сөз бастап, оны латын әліпбиіне ауыстыру мәселесіне көшті. «Еш қиындығы жоқ. Мысалы, менің туу туралы куәлігім латын әріптерімен жазылған. Президентің біртіндеп ауысуымыз керек деген идеясын толық қолдаймын. Сайып келгенде, болашақ ұрпақ рухани жаңғырудың бәсекелік қабілет, прагматизм, сананың ашықтығы принциптарыңда тәрбиеленеді».
Кездесу барысында жиналғандар Мәжіліс депутатына сауалдар қойып, нақты жауаптар алды.
Отырыстың негізгі желісін Ахмет Мұрадов былай белгіледі: «Біз –қазақстандықтармыз. Біз тарихтың өзгерістер кезеңінде өмір сүретін боламыз, сондықтан біз өзімізде өзгеруіміз керек, бірақ өзгергенмен бағыттарымыздан айрылмаймыз. Мұның кепілі Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы.